№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дариға Мұштанова | |||
2. | Қуаныш Кисметов |
Алдында асыр салып балалары,
Бақыттан бал-бұл жанса аналары.
Бар шаттық шаңырақтың төріндегі,
Әкенің жанарынан таралады.
Қайырмасы:
Бәрінен биік тұрар мәртебесі,
Қазақтың әке деген бар төресі.
Жүреді перзентінің жүрегінде,
Әкенің аманаты, әр кеңесі.
Алдырмас әке барда қамал да сын,
Тұрасың ұқсап содан жаралғасын.
Айнымас ақиқат ғой бұл өмірде,
Әкеден артық адам таба алмасың.
Қайырмасы
Қыранның қуаты бар қарымында,
Арғымақ екпіні бар арынында.
Қазақтың тектілігі сақталады,
Әкенің алпыс екі тамырында.
Қайырмасы