№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Баршын Ізбасар | |||
2. | Әйгерім Сырлыбаева |
Ән шырқайын тыңдашы,
Келді міне жыл басы, төрге енді.
Қуанышқа, бақытқа,
Ерекше бір шаттыққа, ел бөленді.
Жақсы хабар таратам,
Атты бүгін жаңа таң, көктем келіп.
Көгімде ән тербелсін,
Қуанышты ел көрсін, көктемге еріп.
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз бастауы бар тірліктің,
Наурыз, наурыз дәнекері бірліктің.
Наурыз, наурыз ұлы күні ұлыстың,
Наурыз айы, басы ғой бар ырыстың.
Атты таңым арайлы,
Ел қуана қарайды, ертеңіне.
Шаттанады бар адам,
Күн келді деп жаңадан, жер көгіне.
Әз наурыз мерекем,
Таси берсін берекең, даналығың.
Жырдан шапан жабайын,
Құтты болсын ағайын, жаңа жылың.
Қайырмасы
Арнайықшы ақ тілек,
Барша жұртқа бақ тілеп, мерекеде,
Бар жақсылық болсыншы,
Дастарханың толсыншы, берекеге.
Бозбалалар ержетсін,
Алтыбақан тербетсін, наурызда.
Күлімдесін бойжеткен,
Тамаша деп ой, неткен наурызда
Қайырмасы