№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Алтын Маханбетова |
Мына әлемде жұмыр жүрек жұбын,
Іздеп жүр ғой таба алмастан тыным.
Сезесің бе нұр дидарлы күнім,
Жүрмін сақтап саған жүрек гүлін.
Жасай алмай жүргенімде байлам,
Арманыма айналдың-ау айнам.
Жатсам-тұрсам шығара алмай ойдан,
Жүректе мұң, жүзден күлкі тайған.
Аңсаған арман,
Табамын қайдан?
Мен өзіңді, шыным, білмедім.
Сонда да жалған,
Өмірлік жолдан,
Сен деп келем, іздеп келемін.
Мүмкін біздің арамыз тым шалғай,
Сенімім бар бірақ жарық шамдай.
Бір өзіңе бір күні мен жетем,
Үмітіме сезімімді жалғай.
Жаны бұлақ мөлдіріндей тұнық,
Қуантсаңшы сен алдымнан шығып.
Бұл ғұмырдың жазылмаған мәні,
Табу екен іздеуменен жүріп.
Аңсаған арман,
Арайлы таңнан
Іздеуменен көп шарладым.
Арылтып мұңнан,
Алдымда тұрған,
Шынымен де сен бе арманым?