№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Белгісіз автор |
Ауасы тамаша дархан дала,
Ашатын сарайыңды.
Иісін таратып айналаға,
Гүл алған маңайыңды.
Қайықсыз қалдырмас жағалауда,
Ақ көңіл ағайынды.
Қайырмасы:
Ауылым-ай, аңсадым-ай,
Дос-жаран бауырым,
Тел өскен ауылым,
Ойнаған асыр салып.
Ертелі-кешінде,
Еркелеп төсінде,
Алтын бесігім!
Таңдайда қалатын балдай дәмі,
Кәусардай ақ бұлағы.
Әжемнің айраны, бал-қаймағы,
Бойында бар құнары.
Айтылып жататын қуаныштың,
Әрқашан шаттық әні.
Қайырмасы