№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Белгісіз автор |
Сезімге селдеткен,
Бойымды кернеткен,
Жанымды тербеткен,
Жалғыз жан жалғанда.
Көңілдің көгінен,
Жүректің төрінен,
Үнемі көрінген,
Мөлдірім сен ғана.
Көзіңнің асылым,
Мен жаққа ғашығым,
Қиығын жасырын,
Таста да аз ғана.
Асыққан жағаға,
Толқындай тарала,
Нұрыңмен самала,
Күлімдеп наздана.
Қайырмасы:
Еркелеші, еркелеші,
Еркімді елігім еншілеші.
Еркелеші, еркелеші,
Жаным-ай, жаным-ай, жаным-ай!
Көктемдей көріктім,
Лағындай еліктің,
Жанымды еліттің,
Жандырып сезімді.
Бағыма баладым,
Таңыма баладым,
Бағасыз бағалым,
Аяулым өзіңді.
Өзгенің тек менен,
Қолдары жетпеген,
Көкейден кетпеген,
Пәк тұлғаң бұлқына.
Бейнеңе таңдайын,
Қарауға қанбайын,
Қасымда әрдайым,
Жадырап құлпыра.
Қайырмасы