№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Серік Сыздықов |
Әлдиімен әлдилеген,
Анамдай жан табылмайды.
Менің бала жан күйімнен,
Аңдап тұрар барлық жайды.
Кешегі жаз күлкі үзілді,
Жоқтығыңа сене алмаймын.
Көрем бе деп бір жүзіңді,
Алды-артыма қарайлаймын.
Жан анам, жан анам,
Қимаймын өзіңді.
Ойлаймын, тынбаймын
Анашым өзіңді.
Қайырмасы:
Алладан ғана жақсы үміт тілейді адам,
Өмірде мынау бес күндік жүрейік аман.
Тілекшім болса егерде жанымда жақсы,
Жалғыз жан ғана бұл сенсің менің анашым!
Әлі де сенбеймін, іздеймін,
Қимаймын қайдасың жан анам?!
Бұл өмірде өзің едің,
Бір көрмесем аңсағаным.
Енді қалай сезінемін,
Дүниенің сонша бағын?!
Мына өмір жалған екен,
Көрген түстей жанды арбайтын.
Қашан өзің жеткеніңше,
Жалғандықты аңғармайтын.
Жан анам, жан анам,
Қимаймын өзіңді.
Ойлаймын, тынбаймын
Анашым өзіңді.
Қайырмасы