MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Жаңа жыл
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№22, 4 ақпан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айбек Сайдахмет
2.Нұрлан Еспанов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жаңа жылым келген,

Бақыт ала келсін,

Жаңа жауған әппақ ақшақарындай.

Есігімнен енген,

Орындала берсін,

Жылмен бірге жаңа барлық арман-ай.

Жайлы болып лайым

Құт пен ырыс толсын

Кең жазира дархан байтақ жеріме!

Оңнан туып айым

Бақ боп қыдыр қонсын

Берекелі жыл боп қазақ еліме!

 

Қайырмасы:

Жаңа арайлы таңнан,

Жаңа ән болып салған.

Жаңа үміт пен арман,

Жаңа жыр да, жаңа сыр.

Жаңа шырағын жағып,

Жаңа жұлдызы жарық.

Жаңа күндерін алып,

Жаңа келді жаңа жыл!

 

Мақсат-мұрат толы,

Көңілменен күткен,

Мол табысын ала келсін жаңа жыл!

Түгенделіп жоғы,

Барша ел-жұрт біткен,

Болашаққа қадам бассын жаңа бір!

Жарып шыққан жүрек,

Ақтарылып тілек,

Сыйлайықшы жақсы ниет жанға нұр.

Аңсаттырып көптен,

Сағындырып жеткен,

Жаңа, жаңа құтты болсын жаңа жыл!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика