№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Ұлықпан Жолдасов |
Көңіліме ұялады-ау бір мұң,
Күндіз-түні сені ойлап жүрмін.
Атырамын кейде әппақ таңдарымды,
Кірпік іліп жұлдызына түннің.
Қайырмасы:
Айтшы не керегін,
Жаныңа жаным.
Неге үндемедің,
Жаралы жаным,
Жаралы жаным, жаным!
Үміт күтіп әрбір атқан таңнан,
Сол бір маңға сәтім көп барған.
Көк жүзінен тамшы келіп тамып жатса,
Жасым деп біл жанарымнан тамған.
Қайырмасы
Сен едің ғой сенерім,
Айтшы енді керегін.
Білмедім себебін,
Шын сезімде шыдам жоқ,
Кетпеші өтінем,
Жауапсыз сұрақ боп.
Қайырмасы