№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Қайрат Жүнісов |
Қарасаң бір сәт үңіліп,
Қайтқан бір құстай тізіліп.
Күндерім менің зырлайды,
Бағасы енді білініп.
Белестен бекем өтем деп,
Арманға алыс жетем деп.
Ойламадық осылай,
Ғұмыр өтер деп.
Қайырмасы:
Жүрегім соғар атойлап,
Тоқтама өмір өзен деп.
Суретші уақыт шимайлап,
Бейнеме салып жүз өрнек.
Сағыныштар-ай тербейтін,
Өкініштер-ай өртейтін.
Жылдарым менің жылдар – сағыныш.
Санамда қалған сәнімен,
Күндерім өткен өзіңмен.
Арманшыл әрбір әнімнен,
Сағыныштарым сезілген.
Оралмас менің жылдарым,
Махаббаттарым, мұңдарым.
Жеткізбессің енді сен,
Жастық жылдарым.
Қайырмасы