№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Белгісіз автор |
Сезім, сезім балдай,
Әппақ, әппақ қардай...
Сені көрсем сүйсіне берем,
Қуанышқа толып жүрегім.
Сен жоқ болсаң күрсіне берем,
Іздесеңші жаным бір емін.
Айдындағы өзің сыңарым,
Бағыма сені баладым.
Сағыныштан жанып барамын,
Асыл арманым, ардағым, арманым.
Қайырмасы:
Жаным, жаным түсін,
Өзіңсіз өмір жоқ.
Қайда, қайда жүрсің,
Өзіңсіз күнім жоқ.
Іздеуменен бағым,
Келемін тек сені.
Жалғыз, жалғыз жаным,
Сүйші сен тек мені.
Жаным-ау, күнім-ау.
Өмірде болсам өзіңмен бір,
Өтсе де қанша айменен жыл
Адамдық, адалдық астасқан бейнең,
Көзімде емес көңілде жүр.
Бір сендік етті тағдырымның соты,
Үкімін менің көздерімнен оқы
Жетелеп арман
Жүректе жанған
Лаула, лаула махаббат оты!
Сені ойласам сағына берем,
Өзіңсіз өмір көңілсіз.
Оранғандай жалынға денем,
Өртеніп барам өзіңсіз.
Сенсіз маған керек пе өмір,
Шаршады жүрек шаршады.
Жалғыздықтан зеріккен көңіл,
Сені аңсады, шаршады, аңсады.
Қайырмасы
Мен үшін қол жетпес нұрлы арман,
Өзіңмен бақыт бір болған.
Сен үшін барлық кезде
Өтуге дайын жаным сындардан
Аңсап жүргендегі сезімді
Бейнеңді жұмсам да көрем көзімді
Айнала желдің шуылы
Еске алар тек бір өзіңді
Қайырмасы