№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Өктем Алтаев |
Асқарлы биік асқақ айбыным әке-ана,
Көгімде жанған жұлдыз ай-күнім әке-ана.
Басымда тұрған өздерің бағым әке-ана,
Баға да жетпес асыл байлығым әке-ана.
Қайырмасы:
Тілейді тілек балапандарың,
Арайлап атсын ала таңдарың.
Өмірде мынау төгетін жылу,
Алтыннан қымбат алақандарың.
Маңдайдан сипап сүйіп өсірген әке-ана,
Қатемді ылғи түзеп кешірген әке-ана.
Жанарларыңнан қараған сайын әке-ана,
Мейірімділік лебі есілген әке-ана.
Қайырмасы
Қорғаным, қамқор, сая орманым әке-ана,
Жаныма жалау жақын жандарым әке-ана.
Сендерді әркез бірге көруден әке-ана,
Жоқ менің өзге ешбір арманым әке-ана.
Қайырмасы