MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Асыл бағым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№22, 4 ақпан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Ернар Жақсыбаев
2.Қуаныш Кисметов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Құлпырған бақсың,

Кіршіксіз ақсың,

Өзіңмен атсын – таңым.

Өтсе де ғасыр,

Көктемдей жасыл,

Боласың асыл – жарым.

Өмірдің мәні,

Көңілдің нәрі,

Өзің ғой бәрі – жаным.

Бұйырған көктен,

Бәрінен өктем,

Сен едің күткен – бағым.

 

Қайырмасы:

Қымбатсың маған,

Тыңдасын ғалам,

Шырқалсын саған – әнім.

Күндіз де түнде,

Тарқамай мүлде,

Болайық бірге – жаным.

 

Тек өзің ғана,

Балама ана,

Анама дара – келін.

Мен үшін көркем,

Жан жарым еркем,

Тәңірім берген – теңім.

Ырқыңа сыйып,

Өтемін сүйіп,

Мәртебең биік – ерім.

Салмақты нарым,

Бақытым, барым,

Сүйемін жаным – менің.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика