| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұнайдар Балмолда | |||
| 2. | Қуаныш Кисметов | |||
Көз жетпейтін шетсіз, шексіз мекенім,
Неткен ғажапсың.
Қызы болғаныма мақтан етемін,
Еркін қазақтың.
Қайырмасы:
Күнімде ерекше, түнімде ерекше,
Таппаймын өзіңдей іздесем жер-көктен.
Жарқырап маңдайым, көгіңде самғайын,
Аманат, үмітті ақтайын ел күткен.
Сен аман бол жерұйығым көркемім,
Елім азатсың.
Өсе берсін халқым әр күн, өркенің
Рухы қазақтың.
Қайырмасы