MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Жерұйық жаннатым – ауылым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Жерұйық жаннатым – ауылым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№22, 4 ақпан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бақытжан Еламанов
2.Орынкүл Смағұл
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Балалық бақ күнім!

Көл-көсір шаттығым,

Ауылым – періште, пәктігім!

Оянған сезімім,

Сенде өскен бір қызың,

Айтады риясыз лебізін.

 

Көкорай белдерім,

Алаңсыз күндерім,

Жарысқан далада қаңбақпен.

Қуанып гүл тердім,

Жүректен жыр өрдім,

Сағыныш толқыған ырғақпен.

 

Қайырмасы:

Көңілдің мөлдірін,

Сезімнің түндігін,

Сіңірген бойыма ауылым!

Жанымның сыр-мұңын,

Өмірдің сан қырын,

Ұқтырған алғашқы ауылым!

 

Аймалап самалың,

Жарқырап жамалым,

Шомылған балалық қиялым!

Қақтырған қанатын,

Үмітті жағатын,

Жерұйық, жаннатым – ауылым!

 

Қайырмасы

 

Жүргенде ауылдан жырақ,

Жүректе өшпейтін шырақ.

Өзіне тартатын баурап,

Сағынып ашатын құшақ.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика