№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Орынкүл Смағұл |
Қыз қияға қонғаны,
Ұл ұяда қалғаны.
Орындалғаны емес пе?
Ата-ананың арманы!
Әкем биік шың дейтін,
Анаң күнің сөнбейтін.
Озық болса ұл-қызың,
Ұрпақ тегің өлмейтін.
Қайырмасы:
Ата-ананың арманы
Ұрпағы өссе жалғауы.
Өмір атты додаға
Бізді баптап салғаны
Ата-ананың арманы,
Туыс-бауыр, жан-жағы.
Түгел болса жегжаты,
Үмітінің жанғаны.
Келін болса ибалы,
Адал болар жиғаны.
Сыйлы болса еліне,
Ата-ананың арманы!
Ата-ананың арманы,
Немере-жиен толғаны.
Әулеті өсіп, көбейіп
Аман жүрсе болғаны!
Қайырмасы