№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Нұргүл Маулина |
Батырға мекен, бірлікке елді бастаған,
Ақынға мекен, жүйелі сөзді саптаған.
Сұңқарлар өткен қанаты көкті қақ тіліп,
Тұлпарлар өткен тұяғы мөрлі ақтабан.
Қайырмасы:
Абыз бабам-ай, ұран боп қалған есімі,
Аңыз далам-ай жақынға, жатқа сесі ұлы.
Маңғыстау саған басымды иіп өтермін,
Рухты елдің, намысты ердің бесігі.
Бөріктің ұлың, адуын мінез, асқақ ән,
Көрікті қызың әдептен асып, таспаған.
Арманы биік ақ шыңдарменен таласқан,
Ақжүрек дархан, адайлар сүйген астанам.
Қайырмасы
Тұнығын қанып ішкесін мөлдір қайнардың,
Құлының болып қазаққа алтын байландым.
Жырлаймын сені мәңгілік махаббатпенен,
Қасиет қонған топырағыңнан айналдым.
Қайырмасы