| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бекжігіт Сердәлі | |||
| 2. | Темірхан Әбдік | |||
Ару қыздар арды ойлаған,
Асқаралы таудай маған.
Сіздер отын жаққан үйдің,
Несібесі ортаймаған.
Қайырмасы:
Ару қыздар, ару қыздар,
Ақ тамақты дәру қыздар,
Ару қыздар, ару қыздар,
Шекер балдай, шырын қыздар.
Аққу мойын ару қыздар,
Маздап жанған жалынсыздар.
Бүгін жалғыз жүргенменен,
Ертең бір-бір ауылсыздар.
Қайырмасы
Алаулайды жүздеріңіз,
Алдамайды көздеріңіз.
Ана берген мейірімді,
Жалғастырар өздеріңіз.
Қайырмасы