№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нұрғали Орманов | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Айналайын айдан әппақ жездем,
Әпкем үшін, бағаң қымбат өзгеден.
Жолыққанда әзілдесіп ойнайсың,
Балдызыңды, балдызыңды шымшылайсың сөзбенен.
Қайырмасы:
Ай, жездекем, менің алтын жездекем,
Арамызда болмасыншы сөз бөтен.
Балдыздарды еркелетіп аялау,
Әпкем үшін, әпкем үшін жездемізге сөз бе екен!?
Парқың бөлек жезде сенің, ардақты,
Балдызына сый құрметін арнапты.
Жақындығы жездедей-ақ әкенің,
Деген сөзде, деген сөзде құдырет бар салмақты.
Қайырмасы
Тәтті әзіл, ойын-сауық жездемен,
Мына өмірдің тек қызығын сезген-ем.
Қырық нарға жүк болатын балдызың,
Жиендердің, жиендердің амандығын көздеген.
Қайырмасы