№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Темірхан Әбдік |
Тау бұлағы танбайды мөлдірінен,
Сыр тыңдай білу өнер сиқыр үннен.
Керуен көшіп барады күмбірлетіп,
Мың бояуға малынған бүлкілімен.
Қайырмасы:
Жарасымды өзіңе қыз қылығы,
Жамалынан көрінер өз тұнығы.
Аумаған ақмаржаннан ақ дидары,
Ақ параққа жазылған жүрек сыры
Көмейінен тұрады жыр төгіліп,
Игі амалдар жасайды шын беріліп.
Қырық қыздың күлкісі мыйығыңда,
Даналығы бойыңда тұр көрініп
Қайырмасы
Көркем мінез сыйлады бірі саған,
Нұрлы жүзі берілді назы саған.
Клара қыз атыңды әнге қосып,
Еріксіз жыр тудырдың қаламымнан.
Қайырмасы