MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Күндер-ай сол
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№23, 19 ақпан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Болатқали Төлебаев
2.Тұяқберді Шамелов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

От сезім болып лаулаған,

Қыз жүрегін жаулаған,

Зымыраған, заулаған,

Ойдан кетпес күндер-ай, күндер-ай сол.

Жанға жылы сөздерден,

Көңіл күйі өзгерген,

Достарменен көзкөрген,

Ойнап күлген күндер-ай, күндер-ай сол.

 

Қайырмасы:

Шаттық толы үндер-ай,

Жұлдыз толы түндер-ай, түндер-ай сол.

Тойлап жүрген күндер-ай,

Ойнап күлген күндер-ай, күндер-ай сол.

 

Ақыл алып анадан,

Нақыл алып данадан,

Бір кетпеген санадан,

Ойлап жүрген күндер-ай, күндер-ай сол.

Жылжып аққан күндер-ай,

Жыр ғып айтқан үндер-ай.

Жұлдыз шашқан түндер-ай,

Сырды ашқан күндер-ай, күндер-ай сол.

 

Қайырмасы

 

Ақ кемедей желкенді,

Армандаған ертеңді,

Аймалаған еркеңді,

Ғашық болған күндер-ай, күндер-ай сол.

Басқа қонған бағымдай,

Ең бақытты шағымдай,

Ағып жатқан сағымдай,

Қашық болған күндер-ай, күндер-ай сол.                        

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика