№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Санжар Ғұлама | |||
2. | Құралай Сәтмұхамбетова |
Бір өзіңді жан-серігім, деп келем,
Өміріме көрік берген көктем ең.
Жауратса да ызғарлы күн жаныңды,
Көңіліңді суытпашы тек менен.
Қайырмасы:
Сен ғана...,
Сені ғана аңсадым,
Өзіңмен өтсін менің бал-шағым.
Өзіңмен бар қызығы өмірдің,
Өзіңменен бірге атсын әр таңым.
Ұмытпа сен мені, жаным, өтінем,
Көкірегіме күн орнатып кетіп ең.
Сені көрем атқан таңның ңұрынан,
Сені көрем аққан судың бетінен.
Қайырмасы
Мендік сезім жер мен көкті өртеді,
Мендік сезім – жұмбағы көп ертегі.
Бір-ақ сәтте бақыт жайлы жыр жазып,
Бір-ақ сәтте мұңды күйін шертеді.
Қайырмасы