MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Оралсаңшы сәулешім
Әннің атауы
Әннің атауы:
Оралсаңшы сәулешім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№23, 19 ақпан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Көмек Ыбырайұлы
2.Смайыл Салықов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Міне, тағы келіп жетті күз демі,

Өтіп жатыр тырналардың тізбегі.

Неге үнсіз жүрсің әлі жан құрбым,

Асау жүрек тек өзіңді іздеді.

 

Қайырмасы:

Жаныммен жүдедім,

Жапырақ жүрегім,

Көңілге түнеді сәулешім.

Нұр шашқан жанарың,

Гүл сезім самалың,

Бақытым, бал әнім сәулешім.

 

Қимасақта біз оларды қаншалық,

Құстар қайтты мекеніне ән салып.

Өзіңменен осы сәтте қоштастым,

Қала бердім жанарымнан тамшы ағып.

 

Қайырмасы

 

Келер құстар мекеніне қайтадан,

Гүл тербелер, дала төсін шайқап ән.

Оралмасаң өзің маған, жан сәулем,

Жүрегіме сонда қайдан жай табам?

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика