№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бауыржан Кабиров | |||
2. | Елубай Насыров |
Алаңсыз күндерім елес, сағым,
Ол менің бала шағым.
Туған үй, бауырлар бірге өскен,
Отбасым жұмақ бағым.
Аялап өсірген, ер жеткізген,
Бақытты күнді өткізген.
Бұл күнге жер басып, аман жүрген,
Ата-анам, сіз жеткізген.
Қайырмасы:
Әкем – мен үшін ең асыл адам,
Жанымды жабықтырмаған.
Әлемді таныстырған,
Анам – ең қымбат адамсың маған,
Мың алғыс жаратқан саған,
Сіздердей ата-ана табыстырған.
Жүрдік-ау кей кезде жеткендей боп,
Бәріне өздеріміз.
Ұмыт боп қамыққан күндердегі,
Шағынған кездеріміз.
Сонда да анашым, әке жаным,
Демеу боп сөздеріңіз.
Есімде кешірім, нұрға толған,
Мейірімді көздеріңіз.
Қайырмасы