№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Сағындықов | |||
2. | Сырым Сәрсеков |
Сынағын берген кезде тағдыр маған.
Қиындыққа жалғыз, мені қалдырмаған.
Жанашыр, адал ниет, достарым бар.
Нар жүгін маған, жалғыз салдырмаған.
Қайырмасы:
Қиындық, қуанышты, бөлісетін.
Бас қоссақ, құшақ жая, көрісетін.
Баяғы бала күнгі, әдетімен.
Құлын-тайдай, ойнайтын, тебісетін.
Қолдағы барыменен шашылатын,
Жоқтығымды білдіртпей жасыратын.
Достарға тең келеді қандай адам,
Шет қалмай жақсылыққа бас ұратын.
Қайырмасы