№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Саттарова | |||
2. | Еркін Оралбайұлы |
Қайғы көрмей мəнін білер кім бақтың,
Мұң торлаған таңым атып, күн баттың.
Өміріме көп өзгеріс енген-ді,
Өзіңменен кездескелі, қымбаттым!
Келгендей ме, мені тағы сынай мұң,
Жанды өртеп жатса-дағы шыдаймын.
Сағыныш па, көзді жұмсам бұлдырап,
Сенің бейнең елестейді, елестейді, шырайлым!
А-а-а-ай, жүректегі сезімдер өшпесінші, қымбаттым.
Бақытына жете алды екен сүйіп кім,
Уын жұттым ішті өртеген күйіктің.
Хат алысып тұрсақ-дағы күнделік,
Сені көру арман болды, сүйіктім!
Дəмін татып нəзік сезім ғазалдың,
Əлі талай жыр жолдарын жазармын.
Арман болмас сезімімнің пəктігін,
Жеткізе алсам жүрегіңе, жүрегіңе, ажарлым!
А-а-а-ай, жүректегі сезімдер өшпесінші, қымбаттым.
Антын бұзып алмайықшы уəденің,
Сақтаймыз деп өмір заңы, əдебін.
Көрмегеннен көргенім көп өмірді,
Бірге өткізсек деген арман, əдемім!
Жүрек шешер не тілерін, қымбат кім,
Қалағаным өзің болдың, тым тəттім.
Тұтас жанған жүректегі сезімдер,
Өшпесінші деп тілейік, қымбаттым!
А-а-а-ай, жүректегі сезімдер өшпесінші, қымбаттым.