№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Эльмира Сәрсенбайқызы |
Жабырқасам, жанымды жадыратқан,
Күлімдеген көздеріңе ғашықпын мен.
Сенсің жаным, жүрегімді жалындатқан,
Жырақтасаң, тек өзіңе асықтым мен.
Қайырмасы:
Кір шалмасын біздің әппақ көңілдерді,
Кел екеуміз шыңға шығып ән салайық.
Күн де күліп, нұрын шашып көгімдегі,
Келер бақты қуанышпен қарсы алайық!
Сенің әрбір сөздеріңнен жаным жылып,
Қуат алдым жанарыңнан бір қараған.
Еркелетсең, бағым кіріп, таңым күліп,
Маңдайымды күн сәулесі тұмшалаған.
Қайырмасы
Сенсің менің бақытым да, байлығым да,
Өзің барда жолай алмас қайғы, мұң да.
Тек өзіңмен бақыттымын жарығым-ау,
Бір жүзейік махаббаттың айдынында!
Қайырмасы