№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айгүл Жұмаділ | |||
2. | Анарбек Қозбақов |
Бұлдыр да бұлдыр бұл дүние,
Бүлдіріп кеткен кім екен?
Досымды мінеп, дұшпанды,
Күлдіріп кеткен кім екен?
Түндігімді теріс ашып,
Күлімді төрге кері шашып,
Сайтанмен жындай туысып,
Туыспен көрдей суысып,
Туырлығымды тулақтай,
Тілдіріп кеткен кім екен?
Айбынды ата тілімді,
Шұбарлап кеткен кім екен?
Айдынды ата жұртымды,
Жұмарлап кеткен кім екен?
Көзімнің жасын көл қылып,
Көлімді тартып шөл қылып.
Шырпыдай қурап шұрай бақ,
Тұнығымды лайлап.
Сұңқылдап ұшты аққуым,
Сыңарлап кеткен кім екен?
Сылдыр да сылдыр қара сөз,
Сұйылып кетсе, сын арға.
Шыңға да біткен шынар тал,
Шарт етіп бір күн сынар ма?
Тұманнан көзі арылып,
Тұмарын бойға тағынып.
Тұлымы тудай желбіреп,
Суырылып бір ұл шығар ма?
Бұлдыр да бұлдыр бұлағым,
Басынан бір күн тұнар ма?...