№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Сағындықов | |||
2. | Сырым Сәрсеков |
Сөйлескім де келмейді, сөйлегім де,
Өзіңді ойлап жүрсем де, күнде-күнде.
Көрместей боп тұрсам да о, несі екен?
Кете алмадым қол сілтеп, көрмей мүлде.
Қайырмасы:
Сәл көрмесем желіден тірлігіңді,
Ойға кетем сан-алуан, түрлі-түрлі.
Ақтарамын сен жайлы жазбаларды,
Серік етіп телефон білгірімді.
Қиялшылдың түсіп-ап тірлігіне,
Жалғап жүрмін құр босқа, күнді-күнге.
Сені іздеп тұрамын о, несі екен?
Көрмеспін деп кетсем де, енді мүлде.
Қайырмасы