№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Төребек Құтжанов |
Алтыбақан айлы түн,
Ақсүйекте табысқан.
Бозбала мен бойжеткен,
Жарасып қол алысқан.
Өткен күндер әлі есте,
Күнде думан емес пе.
Сағынғанда Қалқаның
Ауылы жақын емес пе.
Қызғалдақты бел кешіп,
Ауылың көшіп барады.
Ақ ботадай айналып,
Айнам қимай-ау барады.
Қош бол қалқам дегенше,
Қайта айналып келгенше.
Күнде думан болар ма,
Бір өзіңді көргенше.
Айдан алған ажарың,
Ақмаңдай қыз арайлым.
Бірге жүрген белдерге,
Сен келер деп-ау қараймын.
Самал желі Арқаның,
Әні қалай Қалқаның.
Сағынғанда сарғайып,
Осы бір әнді-ай айтамын.