№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Төребек Құтжанов |
Түрленiп жер де түрге енушi едi көктем де,
Сүйсіне қарап қызығушы едiм өткенде.
Құстар да қайтып. көк аспан жетiм қалғандай,
Шөкiмдей бұлтсыз құйын жел айдап-ай кеткен бе.
Сарғайып дала сағыныш сағым барады,
Салқындап сулар соғады жердiң самалы.
Бойжеткен қырда бозартып күннiң ызғары,
Құстарға қайткан сәлемiн айтып-ай қалады.
Өтпейді деме кетпейді деме мұнар күн,
Кұс болып ұшып кұс жолын калай ұғар кiм?
Оралар бiр күн оралар саған көктемде,
Сағынып жүрген сазды әндей болған-ай сыңарың.