№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Төребек Құтжанов |
Күйін шерткен Тоқаның мақпал кештер,
Иманақтаң Сәкеннің әні естілер.
Ескенеден ескен жел әнге айналып,
Бесігендей анамның тербетілер.
Қайырмасы:
А-хоу,
Сарыарқа, ән Арқа,
Мойнындағы тұмарың Жаңаарқа.
Бел ортаңнан Сары су сылаң қағып,
Манақа, Аппаз еншілес бір өзендей.
Ақтау, Ортау арқары бір ғажайып,
Амандағын өзімен тілегендей.
Қайырмасы
Қыземшектің таулары сағымданып,
Бала қыран басында отыр неғып?
Айнабұлақ айдыннан ұшқан аққу,
Жеделіге қонады бір айналып.
Қайырмасы