№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Төребек Құтжанов | |||
2. | Қойлыбай Асанов |
Жүруші-ек жиырма бесте-ау, жалын кешіп-ау,
Арудың суға барған-ау жолын тосып.
Алыстап қоңыр қаздың-ау қанатымен,
Барып сары белден-ау сағым көшіп.
А-хау,
Беу-шіркін бұ да дәурен,
Көңілден кетпес сәулең.
Ақаннан қалған ғұмыр,
Жүре алмай жерді әу дем.
Секілді асау толқын өрлеп едік,
Тоқтадық бетегелі белге келіп.
Қаңбақтай жел айдаған қайран өмір,
Барады көз ұшында дөңгеленіп.
А-хау,
Жазтықтың күзі балдай,
Өтеді ізі қалмай.
Жүрейік сол үміттің,
Сәулесін үзіп алмай.
Жас дәурен өте шығар түс секілді,
Болжаусыз ерте біткен іс секілді.
Алтын деп ардақтаған асыл затың,
Бұл күнде өңі тайған мыс секілді.
А-хау,
Қырандай ұша алмаған,
Қызылға түсе алмаған.
Тағдырға көндігесің,
Тұлпардай тұсаулаған.