MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Тама көшкен
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№25, 21 сәуір 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Төребек Құтжанов
2.Ғалым Жайлыбай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Басынан Қаратаудың қара нардың,

Көз салып көш соңына қарағанмын.

Тасыбай, Жолдыбайдай қос әулие –

Басына түнеп барып қалам алдым.

Мынау көш қаралы көш, жаралы көш,

Жапсарын білгің келсе маған ілес!

Айрылған жалғызынан ананы кеш,

Арқадан ауа көшкен Таманы кеш!

Айрылған ана ұлынан, аға достан,

Мына қос хабар алмай ана қостан.

Қар жауған қарашада ұбап-шұбап,

Бетке алып Қаратауды Тама босқан.

 

Қайырмасы:

Е-ей, басынан бағы тайған ел,

Е-ей, аштықтан солай босқан ел.

Бастарың қалды-ау бетпақта,

Арқадан ауа көшкен ел.

 

Кеппеген көздерінің жасы қарғам,

Бабаңның бетпақ жонда басы қалған.

Шашылған сүйектерін тасып алғам –

Арайы азаттықтың асыл арман!

Үзілген ортасынан талай әні,

Сарысу қандай ғажап саяң әлі.

Қайғы мен көз жасынан жаралған жұрт,

Бауырында Қаратаудың қараяды.

 

Қайырмасы

 

Заманның қайта айналып сұмдығы ұрды,

Қай жасын тілгілеген түндігіңді?

Ақыннан аңыз тыңдап аңыраймай –

Сен бір сәт тіл қатсаңшы, Мұңлы, Қулы!

Қар борап қарашада, күн бүлінді.

Сен бірақ айтпайсың-ау, шындығыңды.

Бауырыңда көктей солған көп Таманың –

Көк тасы өзің шығар, Мұңлы, Қулы!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика