№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Байбол-Бергентай Нұрмаханов | |||
2. | Төребек Құтжанов |
Қазақпыз тіккен бір туды,
Тулады жүрек бұлқынды.
Тарихым тербеп жанымды,
Ұрпағың алға ұмтылды,
Ұлыңнан бүгін жыр туды.
Бабамның батыр болғаны,
Тәңірдің өзі салғаны.
Текті ұрпағы Таманың,
Шығарма естен бабаңды,
Көңілдің сонда толғаны.
Сыйынып айтар ұраным,
Ұрпағың қолдар бірақ үн.
Нәріктің ұлы Шораң бар,
Қарабура ұраның,
Ей, намысқой ұланым,
Нелер бір қилы өтті күн,
Бабамдай жауға кектімін.
Ерлік пен елдік үлгісі,
Қазақтан туған тектімін,
Бір болар Алаш жетті күн.
Мақтаным сенсің – асыл ер,
Ардақтар сені туған ел.
Яссауи сенген тазалық,
Ұрпағын саған бас иер,
Бабамның рухы қолдай гөр.
Тәуелсіз – тағым, тұрағым
Бар байлық сен деп ұғамын.
Ұрпаққа болдың өнеге,
Ұрпағы Қарабураның,
Тамадан тарап туғанмын.