№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жұлдыз Тойбекова | |||
2. | Санжар Ғұлама |
Құлақ түр, жаным, ішімнен шыққан дабылға,
Қашанда қуант қасымнан менің табыл да.
Сабылма бекер қуанышымды қош көріп,
Қабылдар болсаң мұңыммен бірге қабылда.
Қайырмасы:
Сүйемін, десең –
Жүрекке мендік ашық жол,
Жаныңды жалмар жаманнан, жаным, қашық бол.
Сүйемін, десең –
Сүйіктің болам, өтінем,
Тек менен бұрын мұңыма менің ғашық бол.
Дейсің ғой маған, көзіңмен күлкің ұнап тұр,
Сезімнен шертер қиылдың өлең сұрап бір.
Жырымды менің тыңдаудан бұрын, өтінем,
Ішімнен шыққан мұңыма менің құлақ түр.
Қайырмасы