№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аман Малдыбаев | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Тірі болсаң жан атам, күнде сәлем етер ме ем?
Армандаған мұратқа жеңілдікпен жетер ме ем?
Сыйласуда шек болмай, құйрық-бауыр жеген бір,
Әкем менен құда боп, жарасып та кетер ме ең?
Тірі болсаң жан атам, арызымды айтар ма ем?
Қайын жұртқа сәлем сап, елге барып қайтар ма ем?
Суындықта туыстар келінжаным келді, деп
Жасар ма еді аямай, ағыл-тегіл, той, көркем.
Тірі болсаң жан атам, немерелер сүйер ме ең?
Қылықтарын қызықтап мәз болып бір күлер ме ең?
Келуіне ұрпақтың себеп болған келін, деп,
Қайын жұртты көрсетсең, елеулі боп жүрер ме ем?
Өкінбеймін әйтсе де жоқтығыңа жан ата,
Ұл, қызыңда - рухың, солар берсін ақ бата,
Деп ойлаймын және де, жалғасың бар артыңда,
Әсет атты немерең, Алтынайдай ақ бота.
Әдепті ғып өсірсек сол екеуін жалықпай,
Дәлел болар өмірде, ол бір айдан анықтай.
Ұлы өзінен аумайды, дейді көрген ағайын,
Ал балаңда ұқсастық, құйылған бір қалыптай.
Қайын жұртты сыйласам, сізге деген сыйластық,
Жақсы көрсем енемді, ол – анамды қимастық.
Желеп-жебеп жата гөр, ұрпағыңды жан ата,
Есмұрза ата әулеті, Ақтөбеге жайластық.
Ақын жанды келінің, аңқылдаған баладай,
Жан күйімді жүрсінші, ұл-қыздарың бағалай.
Жапырағың жайылып, өсе берсін өркендеп,
Қамқоршы боп жебегей, аруағың да сағалай.