№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Күйеу балаң жақсы десе иланам,
Қайын жұртын жамандыққа қимаған!
Құрметтейді қазақ күйеу баланы,
Біз түгілі, Пайғамбар да сыйлаған!
Қайырмасы:
Қайын жұртқа дайын тұрар қақ төрі,
Күйеу бала елі, қандай текті еді!
Шаңырақта қуаныштар көп болып,
Аққу әнмен тербетілсін бақ көлі!
Сүйген жары, сіңілімнің панасы,
Ерекше ғой сый-құрметі, қарашы!
Табыстырған жекжаттармен мың жылдық,
Құда менен құдағидың баласы!
Қайырмасы
Татулықпен жалғап екі араны,
Қыз бен жігіт үзілмес жол салады!
Күйеу балалар қартаймайды ешқашан,
Қайын жұртқа, мәңгі жас боп қалады!
Қайырмасы