№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Әдептің оңы менен солын білген,
Қазақы тәрбиенің жолын көрген!
Халқымыз қызды сыйлап кішкентайдан,
Ұсынған өз үйінде орын төрден!
Сіңірген ибалықты ұғымына,
Сабағы, алған жетер ғұмырына!
Жарасқан басындағы тақиясы,
Таңдантқан, еркелеген қылығына!
Қайырмасы:
Бүрмелі көйлегі мен құндыз бөрік,
Береді ажарына қыздың көрік.
Әрбір қыз еліміздің айнасындай,
Жүрсінші жарқыраған жұлдыз болып!
Үлкеннен ақ тілек пен бата алған,
Тектілік қонған және ата-анадан!
Ағалар қарындастың қамын жасап,
Жеңгелер қыздың атын атамаған!
Қонақ деп, құрметтеген, ұстап салтын,
Қыздар-ау ибалықпен ғажап даңқың!
Қос етек көйлек киіп, тақияңмен,
Әлемге таныта бер қазақ халқын!
Қайырмасы