| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Баяділлә Тұрғынбаев | |||
| 2. | Матқұлбек Маясаров | |||
Дүние жолы, байқасам тоқсан тармақты,
Өмірдің солай өтерін кімдер аңдапты.
Тарқаған бұлты базарлы бала кезімдей,
Балалық шақтан бұлдыр да бүгін қалмапты.
Қайырмасы:
Мәз еді көңлім астымда шыбық-дүлділім,
Ауылдағы құс біткен менің бұлбылым.
Қайдасың, шіркін, сонау бір қызық гүл-дәурен,
Құлдырап жүріп теретін әсем қыр гүлін.
Дүние-көшкін, біреуге бақ боп қонар-ау,
Біреуді оңай қалдырмай тұяқ тонар-ау.
Балалығымды шарқ ұрып іздеп жүргенде,
Аға күнім де зымырап өтіп барады-ау.
Қайырмасы