MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Өмір жолы тұрады ақ-қарадан
Әннің атауы
Әннің атауы:
Өмір жолы тұрады ақ-қарадан
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№25, 21 сәуір 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бөрібай Оразымбетов
2.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өмір қатал…, ой-сырым баптағаным,

Сабақ болар ертеңге хаттағаным!

Бұл өмірге келгенің адам болып,

О дүниеге бір қадам аттағаның!

Күдер үзбе... кез келсе азатұғын,

Әз жаныңа берер тек, қаза тыным.

Өлең емес бұл өмір, жазғаныңды,

Өңдеп алып көшіріп жазатұғын!

 

Қайырмасы:

Есігінен екеудің бақ қараған,

Қызыңнан-құт келеді, бақ-баладан.

Өмір жолы тұрары ақ-қарадан,

Өнеге боп келеді Сақ бабадан!

 

Текке бермес бақытты сұрағанмен,

Дүниені мол етіп құрағанмен.

Шын бақытқа жетуге екеу керек,

Жалғыз өзің қайғыға шыдағанмен!

Ұнатасың жолыңның ақ болғанын,

Әппақтан да жөн болар сақ болғаның!

Әппақ түстер жағымды болғанымен,

Кебіннің сен ескерші, ақ боларын!

 

Қайырмасы

 

Пешенеңе жазғанын ұлықтағын,

Жан-жарыңмен тіктелді уықтарың.

Қара түстер жағымсыз болғанымен,

Қағба түсі қап-қара..., ұмытпағын!

Ақ-қараны жеңеді тарынбаған,

Өзің де аман болғайсың, жарың да аман.

Жақын болып жүргейсің, сауапты іске,

Азғана бір ғұмырда жалындаған!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика