№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нартай Алтай | |||
2. | Сәуле Карабалина |
Тарихы шежіре сырға тұнған,
Хандардың ордасында.
Киелі құт мекен шұрайлы өлке,
Шалқыған қыр басында.
Мәншүк пен Махамбет батырлардың,
Өшпестей ізі қалған.
Жұбан мен Қадырдай дарабоздар,
Шырқаған жырларында.
Қайырмасы:
Толқыған Жайығы,
Тербелген сәл қайығы,
Көк нуға оралған,
Келбеті шын орман,
Бір барып көрсеңші, Оралға!
Айдында қалықтап ұшқан құстың,
Жұптары жазылмаған.
Ғажабы таусылмас сұлу мекен,
Көңілден ұмтылмайды.
Дина, Құрманғазы бабалардың,
Жолымен жүріп келсең.
Жүректен Ақжайық саған деген,
Сағыныш басылмайды.
Қайырмасы
Қонақжай халқымен,
Дәстүрлі сән салтымен.
Қадірлеп пір тұтқан,
Мейірімді қалпымен,
Бір барып көрсеңші, Оралға!