| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Рауль Бишаев | |||
| 2. | Сәуле Карабалина | |||
Ежелден елім бар,
Кең байтақ жерім бар,
Менің бұл – Қазақстаным!
Ғажайып өлкем бар,
Қастерлі киең бар,
Бұл менің – Қазақстаным!
Қыраным көгімде,
Шаттығым төрімде, қазағым!
Бейбіт күн елімде,
Алашың сенімде, қазағым!
Қайырмасы:
Айналдым дархан даламнан,
Қырларың жайқалған.
Мұрасың қалған бабамнан,
Шежірем сақталған.
Қасиет қонған ұрпақтан,
Ғасырлар жалғасқан,
Бақытты, тату халықпыз,
Бірлігім жарасқан.
Әлемге танылған,
Нұрлы жол ашылған.
Менің бұл – Қазақстаным!
Жарық күн алдыңнан,
Шырақ боп жағылған,
Тірегім – Қазақстаным!
Қыраным көгімде,
Шаттығым төрімде, қазағым!
Бейбіт күн елімде,
Алашың сенімде, қазағым!
Қайырмасы
Қыраным көгімде,
Шаттығым төрімде, қазағым!
Бейбіт күн елімде,
Алашың сенімде, қазағым!
Қайырмасы