№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Баян Қабиева | |||
2. | Сәуле Карабалина |
Арманға асыл жетелеп жанымның ұққан сырларын,
Құс болып самғап көгімде жөн сілтер өмір жолдарын.
Саялы болған бәйтерек жүрегі тұрған елжіреп,
Жаныңа демеу болатын достарсыз жүрсек қайтер-ек?!
Қайырмасы:
Жанашырым достарым, жаны асыл достарым,
Өздеріңе арналар әлі талай дастаным.
Қуанышта біргеміз мұңайсақ та біргеміз,
Татулықта жарасып ажырамас іргеміз.
Құшағын жая қарсы алып көңілін жаздай білдірген,
Даладай дархан пейілін жанардың нұры сездірген.
Сенімін артып сеніммен саябыр тапқан төзіммен,
Аяулы досым мен сені көремін артық өзімнен.
Қайырмасы