№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжауар Акишева | |||
2. | Сәуле Карабалина |
Жан әке асыл әнімсің,
Келтірген үйдің сәнісің.
Сәулесін шашқан күнімсің,
Арайлап атқан таңымсың.
Толқыған сырлы жүректен,
Құлының шырқап жыр еткен.
Қадірлі әке, өзіңсің,
Бақытқа бізді бөлеткен.
Ойлаумен барлық балаңды,
Көңілің жүр-ау алаңды.
Немере, жиен аталап,
Күтіп жүр тосып жолыңды.
Сағыныш толы жанымды,
Тербейді көңіл жалынды.
Қамқоршы әке, тірегім,
Қабыл ал, осы әнімді.