MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауылға арнау
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№27, 9 маусым 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Арайлым Мамырбекова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Арқада қалған ауыл бар,
Артымда қалған қауым бар.
Сəлем де барсаң ауылға,
Сағынып жүрген жайым бар.
Жоспардан аспай тірлігім,
Абырой бермей бірлігім.
Көрмеген досқа сəлем де,
Көрсетпей көңіл кірбіңін.


Қайырмасы:

Арман да арман арман күн,
Жалған да жалған жалғансың.
Арайлап таңым атқансың,
Байқатпай күнім батқансың.


Қарауыл жаққа қарайлап,
Қалдың ба қартым санаулы.
Ауылда қалған қазынам,
Қарттарым аман саумысың.
Сағындым ауыл адамын,
Бөлексің ерен дарасың.
Кеңпейіл көпшіл көнбіссің,
Көтерген жүгін атаңның.

 

Қайырмасы


Аңғалдық сырым ауылда,
Балалық күнім ауылда.
Жанымның шипа жұпары,
Жусанның исін сағындым.
Кеңдікті сенен алғанмын,
Кеңжазық жері шалғайдың.
Сабырлық сенен алғанмын,
Салқындау сарғыш маңайым.


Қайырмасы

 

Арқада қалған ауыл бар,
Артымда қалған қауым бар.
Сəлем де барсаң ауылға,
Сағынып жүрген жайым бар.

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика