| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Арайлым Мамырбекова | |||
| 2. | Светқали Нұржан | |||
Жасындар ауған, жұлдыздар жауған, беу, далам,
Төсіңде сенің суын-пырақтар аунаған.
Шыңдарға қара, ділмар-далада мың сайрам,
Жүректей балқып, шырақтай шалқып лаулаған!
Қайырмасы:
Маңғыстау, Арқа, Алатауым мен Алтайым,
Күмбір кеудеңнен төгілген күйді тартайын.
Таң сайын саған дұға-жыр арнап тұратын,
Сандуғаштарың сайрасын мәңгі арқайын!
Еділ мен Жайық, Жетісу, Ертіс, Есілім,
Ашатын сенсің алдымнан бейіш есігін.
Есімің сенің жүрекке басқан мөр сынды,
Сермет қанатты, тербет қазақты бесігім!
Қайырмасы