№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Нұржан Сейдуалы |
Жандары ғазиз, жанарларында нұр тұнған,
Ақ халатыңмен, ақ жүректерің құлпырған,
Айналғасыңдар қорғаны болып ұлтымның
Жанұшыра кеп аман қалуға ұмтылған.
Қайырмасы:
Елім деп елжірегенің
Халқыңның қамын жегенің
Ұлтыңның амандығына,
Қас қақпай қайғы жегенің,
Дәрігерлерім.
Алладан кейін, себепші сендер сенімге,
Амал не сынақ дерт жайлағаны елімде.
Арланбай ғана тайсалмастан-ақ тік тұрып,
Өздерің ғана бас тіккенсіңдер өлімге.
Қайырмасы
Өтеді өмір, бұл күнде өтер қараңғы,
Тәңір иеміз бақытқа бөлер ғаламды.
Не келмеген еді ұлтымның ұлы басына,
Қаншама мәрте тағдыры итке таланды.
Қайырмасы
Бүгін де өтер, елеспен ылғи түс қалар,
Ұзақ жолың да сапарға шықсаң қысқарар.
Дәрігерлерім алтын қолыңнан айналдым,
Болашағыңда мақтан ететін іс қалар.
Қайырмасы
Ел деген тілектеріңді
Мейірімді жүректеріңді
Халқыңның алғысы ғой деп
Әуезді жыр еттім үлгі
Дәрігерлерім!
Шипагерлерім!