№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Нұржан Сейдуалы |
Дүние-ай, беу дүние шолақсың ғой,
Отты да орып түсер орақсың ғой,
Не бай бол, не кедей бол, бәрің бірдей,
Бес күнге бес келмейтін қонақсың ғой.
Бой бермес беу уақытым, ағыссың ғой,
Тоқташы тыныштықпен табыссын бой,
Сағаттың сартылдаған үні сенде,
Жүректің дүрсіліндей қағыссың ғой.
Бақытпен бүршігіңді бірге атпайсың,
Көктегі көшкен бұлттай бұлғақтайсың,
Өлген соң жатасың ғой бір молада,
Зарың жоқ тіршілікке үн қатпайсың.
Өмірдің қызығы осы көргеніңмен,
Өмірің қысқа болар өлгеніңнен,
Маңдайға тағдыр жазса. ғұмырыңды,
Шараң жоқ басқа сенің көнгеніңнен.
Көңіл дария тасқынса ылайланар,
Шыр айналар жер әлем шырайналар,
Шайтан сені азғырып тайдырмаса,
Жақсыдан жаман жанға кім айналар?
Жолаушым жақсы болсаң ол өзіңнен,
Ал егер жаман болсаң тағы өзіңнен.
Тағдыр жазды дегенді шығарам деп,
Махмұт та айтқан екен нақ сөзімен.
Айналаң жинап алған шалт сөзіңе,
Аңдушы сайлап қояр дәп өзіңе.
Ниеті жолдас болар ондайлардың,
Апшыңды қуырғанмен алшы есіңе.