| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Кентау Назарбек | |||
| 2. | Наурызбек Сарша | |||
Әкешім – тауым, анашым – бауым.
Ұрпағыма деп, арнаған барын.
Арнаған жанын, ойлаған қамын.
Өздеріңменен жайнаған бағым.
Қайырмасы:
Әкешім, анам –
Қорғаным, панам,
Ақылшым, данам.
Сыйладың маған,
Сыйладың ғалам.
Алғыс, әке саған!
Алғыс, ана саған!
Шапағы күндей өмір тараған,
Шуағын төккен көгімнен маған
Алысқа кетсем жолын қараған
Әкешім, анам, болыңдар аман!
Қайырмасы