№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлзия Тәжіханқызы |
Келгеніңде қадам басып мектепке,
Гүл ұсындың, сүп-сүйкімді бейнеңмен.
Алдан шығып,мен өзіңді ептеп мен,
Алғаш көріп, дидарыңа именгем.
Ұсынғанда гүлді алдың құшақтап,
Жылы жүзбен қарсы алғаның есімде.
Деуші едің, жақсыларға ұқсап бақ.
Жамандықты бойыңа сен еш ілме.
Қоштасарда саған ақ жол тілейін,
Ынтық болсын, зейінің тек ілімге.
Сыртыңнан мен, жебеушіңдей жүрейін,
Сақта есіңе, ертеңге үміт білімде.
Өте шықты балғын шағым қас-қағым,
Қысы-жазы, өзіңізбен өткен күн,
Ізін қуып жасы үлкеннің басқанмын,
Қош бол енді, бастауышым-жас шағым!
Ұмытпаймын, айналайын періштем,
Үмітті ақтап, ұмтыл алға еңбекпен.
Аулақ болшы, жат қылық пен кері істен,
Төрінде бол, бақыттың сен мен күткен.
Жаным ұстаз, ауырды ғой жүрегім,
Жүре берші көз алдымда күлімдеп.
Қабыл болсын, бізге деген тілегің.
Сізден алдық, білім нәрдің гүлін тек.